From Wikipedia, the free encyclopedia
Хамит Ерғалиев (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат — 13.12.1997) — қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы. Шын есімі - Ғабдолхамит. Руы: Кіші Жүз, Жетіру, Тама.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Хамит Ерғалиев | |
---|---|
Хамит Ерғалиев | |
Дүниеге келгені: |
14.10.1916 Атырау облысы, Махамбет ауданы , Новобогат селосы |
Қайтыс болғаны: | 13.12.1997 |
Мансабы: | ақын |
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды. Epғалиев 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1945-50 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, 1950-57 жылы Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, 1958-59 жылы Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Исатай ауданының, Атырау қаласының құрметті азаматы.
Epғалиев - 30-ға тарта жыр жинақтарының, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты күн», «Аңыз ата», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» деп аталатын поэмалардың авторы.
Ол - Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1981), екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және 1, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
Epғалиев Қаныш Сәтбаевты үш рет жақыннан көргені туралы естелігінде («Беделіндей елімнің биік еді», «Заңғар», «Айқос», А., 1999) ұлы ғалымның қарапайым әрі кішіпейілділігіне тәнті болады. 1949 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Үлкен Алтай проблемасы жөніндегі көшпелі сессиясы Өскемен қаласында өткен кезде, сессия барысынан күн сайын хабар ұйымдастыру үшін «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі Epғалиевтің журналистік жұмысына академиктің өзі кеңесші болып, көмек көрсеткенін еске алады. Epғалиев ұлы ғалымның рухына арнап, «Ғарыштағы Қаныш» деген баллада («Социалистік Қазақстан». 1989, 12 сәуір) жазды.[2]
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. "Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар. "Оралдағы отты күн" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы" (1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан" (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. "Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.
Ақын аударма саласында да еңбек етеді. Д.Байронның, В.Шекспирдің, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қырғыздың "Манас", қарақалпақтың "Қырыққыз" эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне, басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр, украин, карақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, поляк) аударылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.